Accessibility links

Брюссельде Грекияға қатысты төтенше жиын өтеді


Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.
Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас бүгін еуро қолданатын 18 елдің басшыларымен Грекияны дағдарыстан шығару жолдарын іздестіру үшін келіссөз өткізеді. Грекия үкіметі өкілінің хабарлауынша, 21 маусымда Ципрас Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Еуропа комиссиясы басшысы Жан-Клод Юнкермен телефонмен сөйлескенінде Афинаның ұсыныстарын білдірген. Еуропа комиссиясы қызметкерлерінің бірі Мартин Сельмайердің Twitter-де хабарлауынша, кездесу "алға ілгерілеуге тамаша мүмкіндік болуы мүмкін".

Грекия осы айдың соңына дейін халықаралық несие берушілермен келісуі қажет. Келісе алмаған жағдайда бұл ел дефолтқа ұшырап, Халықаралық валюта қорынан алған несиесі үшін кезекті төлемін жасай алмай қалады. Еуропа комиссиясы, Еуропа Орталық банкі мен Халықаралық валюта қоры Афина егер экономикалық реформалар жүргізуге келіспесе Грекияға қаржы бөлуден бас тартады. Грекия Орталық банкі басшысы бұған дейін елдің жетекші банктері басшыларымен кездесіп, оларды егер Брюссельдегі келіссөз сәтсіз аяқталса 23 маусымда "қаралы күнге" дайындала беруге шақырды.

XS
SM
MD
LG