Accessibility links

Оңтүстік Корея: MERS-тен тағы 2 адам көз жұмды


Сеулдегі метроны MERS вирусынан зарарсыздандыру шаралары. Оңтүстік Корея, 9 маусым 2015 жыл.
Сеулдегі метроны MERS вирусынан зарарсыздандыру шаралары. Оңтүстік Корея, 9 маусым 2015 жыл.

Оңтүстік Корея денсаулық сақтау министрлігі бүгін Таяу Шығыс респираторлық синдромы (немесе MERS) вирусынан тағы екі ер адам қайтыс болғанын хабарлады. Осымен бұл елде MERS-тен көз жұмғандар саны 27-ге жетіп отыр.

Министрлік мәліметінше, Оңтүстік Кореяда соңғы күндері тағы үш адам MERS вирусын жұқтырып, індет тарала бастаған өкен айдан бері оны жұқтырғандар саны 172-ге таяған.

Қазір он төрт науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 50 науқас ауруынан айығып, ауруханадан босатылған.

Соңғы көз жұмған екі науқастың жасы 80-де болған.

XS
SM
MD
LG