Accessibility links

Ресейде нацистік Германия басқыншылығын еске алып жатыр


Ресейде бүгін 1941 жылы 22 маусымда нацистік Германияның СССР-ге басып кіруіне 74 жыл болғанын еске алып жатыр.

Бүгін Ресейдің Қиыр Шығысындағы Сахалин қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 3-те 200-ден астам адам соғыс басталғанын еске алу үшін жиналды. Еске алу Ресейдің батысындағы Калининград облысына дейінгі аумақта өтеді.

Сахалин облысының губернаторы міндетін атқарушы Олег Кожемяко еске алуға жиналғандарға "Шарада жағылған шырақтар 74 жыл бұрын болған қайғы мен үрейді және біздің Ресейдің қалай сүйіп, қорғауға тиіс екенімізді еске түсіреді" деді.

1941 жылдың 22 маусымында нацистік Германия армиясы мен оның одақтастары Совет одағына басып кіріп, төрт жылға жуық уақытқа созылған соғыс басталған. Ол соғыста Совет одағының 20 миллионнан астам адамы қаза тапты.

XS
SM
MD
LG