Accessibility links

Астанадағы жанжалға қатысты бірнеше іс тергеліп жатыр


«Астаналық» базары маңына жиналған жұрт. Астана, 16 маусым 2015 жыл.
«Астаналық» базары маңына жиналған жұрт. Астана, 16 маусым 2015 жыл.

Астанадағы "Астаналық" базарында 16 маусымда болған жанжалдан кейін полиция үш қылмыстық істі тергеп жатыр деп хабарлады бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанада өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, бір іс базар қауіпсіздік қызметі өкілдерінің "қызмет өкілетін асыра пайдалануына" қатысты, екінші іс базар әкімшілігінің шағымы бойынша "бұзақылық" бабымен тергеліп жатыр. Базардағы жанжалдың тууына түрткі болған қайыр сұрап жүрген мүгедек әйел тіленшілігі үшін жауапқа тартылуы мүмкін дейді Қасымов.

Қалмұханбет Қасымов бұған қоса Астанадағы жанжалға байланысты интернетте жалған ақпарат тарату фактісі бойынша тағы екі іс тергеліп жатқанын айтады. Оның біріншісі бойынша Астана базарында ұлтаралық қақтығыс туралы хабар таратқан бір адам, екіншісі бойынша қайыр сұраған әйел мен оның баласының мерт болғаны туралы жалған ақпарат жазған бөлек бір адам тергеліп жатыр.

16 маусым күні Астана полициясы "Астаналық" базарындағы жанжалдан соң 18 адамды тұтқындаған. Куәгерлердің Азаттыққа айтуынша, қайыр сұраған келіншек пен күзетшілердің сөзге келіп қалуынан оқиға орнына бір топ ызалы адам жиналған.

XS
SM
MD
LG