Accessibility links

Айымбетовтің ғарышқа ұшатыны хабарланды


Айдын Айымбетов. Астана, 11 сәуір 2011 жыл.

Айдын Айымбетов. Астана, 11 сәуір 2011 жыл.

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің 2015 жылы қыркүйекте ғарышқа ұшатынын "Роскосмос" растады деп хабарлады ресейлік "РИА Новости" агентігі. Агенттік дерегінше, Айдын Айымбетов қаржылық себептермен ғарышқа сапарлаудан бас тартқан ағылшын әншісі Сара Брайтманның орнына ұшады.

Қазақстандық екі ұшқыш - Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов 2007 жылы Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлер орталығында арнайы дайындықтан өткен еді. Екеуінің бірі 2009 жылғы күзде халықаралық экипаж құрамында ғарышқа ұшуға тиіс болатын. Бірақ Қазақстан жағы қаржы тапшылығына байланысты ғарышкер ұшыруды кейінге қалдырған.

Мұхтар Аймаханов 2012 жылы Ресей азаматтығын алып, қазір сол елде тұрып жатыр. Ал Қазақстанда қалған Айдын Айымбетов 2012 жылы ғарышкер мәртебесін алған.

Бүгінге дейін екі қазақстандық - Тоқтар Әубәкіров (1991 жылы Қазақ ССР кезінде) пен Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001 жылдары) ғарышқа ұшқан.

XS
SM
MD
LG