Accessibility links

Янукович: Майдандағы кісі өліміне қатысым бар


Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович.

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович.

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович 2014 жылдың ақпан айында өзін биліктен тайдырған Киевтегі наразылық толқуларын басу кезіндегі кісі өліміне өзінің "ішінара" жауапты екенін мәлімдеді.

"Мен өз жауапкершілігімді жоққа шығармаймын" деген Янукови BBC-ге берген сұхбатында. Ол қауіпсіздік күштеріне демонстранттарға оқ атуға бұйрық бермегенін, бірақ қантөгісті тоқтатуға жеткілікті күш-жігер жұмсамағанын айтқан. "Мен атуға ешқандай бұйрық берген жоқпын. Ол менің құзыретімде емес. Мен күш қолдануға, әсіресе атуға қарсымын. Мен қантөгіске қарсымын. Бірақ құқық қорғау органдары қызметкерлері өз міндеттерін қолданыстағы заңға сай орындады. Олардың қару қолдануға хақылары болды" деген Виктор Янукович.

Киевтің орталығында Янукович үкіметіне қарсы бірнеше айға созылған наразылық шерулерінде милициямен қақтығыста жүзден астам демонстрант қаза тапқан. 2014 жылдың 23 ақпанында Януковичті Ресей арнайы қызметі жасырын Ресейге қауіпсіз аймаққа әкеткен. Ол содан бері Ресейде тұрып келеді.

XS
SM
MD
LG