Accessibility links

Ереван: шеруді түсірген Азаттық тілшілерін соққыға жыққан


Наразылық шеруіне шыққандарды қауіпсіздік күштері ұстап жатыр. Ереван. 23 маусым, 2015 жыл.
Наразылық шеруіне шыққандарды қауіпсіздік күштері ұстап жатыр. Ереван. 23 маусым, 2015 жыл.

Электр қуаты тарифтерінің өсуіне қарсы Еревандағы наразылық шеруін видеоға түсірген Азаттықтың Армян қызметінің операторлары Гарик Арутюнян және Гарик Азибекянды полиция арнайы жасағы соққыға жықты.

Гарик Арутюнян тұтқындалып, полиция бөліміне апарылды. Гарик Aзибекян тұтқынға түспегенімен, қауіпсіздік күштері оның камерасынан картасын тәркілеген.

Азаттықтың Армян қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлері мыңдаған адам қатысқан наразылық акциясын түсіруге қойылған камералардың флэш карталарын тәркілеген. Полиция қызметкерлері бір камера мен тікелей толқында трансляция жасау құралын және телефонды да сындырған.

Бүгін таңертең Еревандағы бірнеше күнге жалғасқан наразылық акциясын билік күштері қуып таратты. Әскери операция наразылықтың заңсыз екендігі туралы ескертуден кейін жергілікті уақыт бойынша сағат 5 30 минут кеткенде басталды. Наразы топтарды тарату барысында полиция күштері су ату құралын қолданған. Қауіпсіздік күштерінің күш қолдануы салдарынан наразылыққа шыққан кейбір адамдар жарақат алған. Олардың кейбірін полиция ұстап алып кеткен.

XS
SM
MD
LG