Accessibility links

Назарбаев "Бәйтерек" келісіміне өзгерісті мақұлдады


Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран. (Кқрнекі сурет).
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран. (Кқрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран кешенінің құру туралы Қазақстан және Ресей үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер мен түзетулер енгізуге қол қойды деп хабарлайды, президенттің баспасөз қызметі.

Бұдан алдын парламантте инвестиция және даму министірлігінің аэроғарыш комитетінің басшысы Талғат Мұсабаев 11 жыл бұрын қол қойылған бұл келісім ресейлік «Протон» зымыран кешенін алмастырмақ «Ангара» зымыран тасығышы негізінде Байқоңырда «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін жасауды көздейтінін айтқан.

Жоба әлі іске асырылмаған. Қазақстандық билік өкілдері бұны ресейлік мамандардың «Ангара» ғарыштық зымыран кешенін сынау жұмыстарының созып жібергенімен байланыстырады. Осы жағдайда Байқоңырда кешен құру жобасының құны 223 миллион доллардан 680 миллион долларға өскен.

XS
SM
MD
LG