Accessibility links

Әбіқаев пен Назарбаев "терроризмге қарсы" шараны талқылады


ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев.
ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев.

Астанада бүгін Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Нұртай Әбіқаев президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында, «ұлттық қауіпсіздікті жетілдіру жұмыстары» жөнінде және «терроризм мен эктремизмге қарсы іс-қимылдар» туралы баяндаған.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Президент және ҰҚК төрағасының кездесуі жайлы толық айтылмайды.

Бұдан алдын Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев «Қазақстаннан Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы бақылауындағы аймақтарға соғысқа 400-ге тарта адам отбасымен кетіп қалған» деп мәлімдеген еді. Олардың ішінде ондаған адам ажал құшқан. Жалпы содырлар қатарында Орталық Азиядан екі мыңға жуық адам жүр деген Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, олардың өз елдеріне жаппай қайта оралуы аймаққа кәдімгідей қатер төндіруі ықтимал. Қазақстан ресми өкілінің бұл мәлімдемесінің алдында ИМ-нің өз қатарына Тәжікстан, Қырғызстаннан жүздеген, ал Қазақстаннан 1 мыңнан астам жастарды тартқаны жайлы мәлімет тараған.

XS
SM
MD
LG