Accessibility links

Венгрия ЕО-ның босқындар туралы ережесін орындамайды


Венгрия шекарасында ұсталған заңсыз мигрантта. Мамыр 2015 жыл.
Венгрия шекарасында ұсталған заңсыз мигрантта. Мамыр 2015 жыл.

Венгрия өз территориясында Еуропа Одағының (ЕО) босқындарға қатысты ережесінің күшін тоқтататынын мәлімдеді. ЕО ережесі бойынша, одаққа мүше елдер пана сұраған босқындарды олардың ЕО территориясына алғаш кірген мемлекетіне жөнелтуіне құқығы бар.

Ресми Будапешт бұл шешімді Венгрияның заңсыз миграция ағынын рететй алмай отырғанымен түсіндіреді. Биыл Венгрия шекарасынан елге 60 мың адам кесіп өткен.

Еуропа комиссиясының мәлімдеуінше, Венгрия босқындар туралы ереже күшін техникалық себептерге байланысты тоқтатылған. Брюссель проблеманың "сипаты мен ауқымын шұғыл анықтауды" талап еткен.

Дублинде келісілген ереже бойынша, босқынның пана сұрау өтінішін босқынның ЕО-дағы алғаш кірген мемлекеті қарайды. Егер босқын өтініш бергеннен кейін ЕО-ның басқа еліне кетіп қалса, онда жергілікті билік оны ЕО-дағы алғаш барған мемлекетке қайтарып жібере алады.

XS
SM
MD
LG