Accessibility links

АҚШ Аляскада әскери жаттығу өткізіп жатыр


Аляскада жүрген АҚШ-тың F-16 әскери ұшағы.

Аляскада жүрген АҚШ-тың F-16 әскери ұшағы.

АҚШ 200-ге тарта ұшақ пен алты мыңнан астам әскери қызметкер, бірнеше әскери кеменің қатысуымен Аляска түбегінде Northern Edge деп аталатын ауқымды әскери жаттығу өткізіп жатыр. 26 мамырға дейін созылатын жаттығудың мақсаты - АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әскери-әуе және әскери-теңіз күштері арасында өзара әрекеттестік орнату.

Пентагон өкілдерінің айтуынша, халық аз қоныстанған Алясканың әуе кеңістігі мен теңізде жүргізіліп жатқан жаттығу америкалық ұшқыштар мен моряктарға нақты соғыс жағдайында тапсырмаларды орындауға қажетті кәсіби машықты жетілдіруге тамаша мүмкіндік береді.

АҚШ армиясының өкілі, подполковник Тим Бобинскийдің мәлімдеуінше, жаттығу АҚШ-тың басқа елдермен қарым-қатынасының шиеленісуіне жауап ретінде өткізіліп отырған жоқ.

Northern Edge жаттығуы негізі екі жыл сайын өткізіліп келген. Бірақ бұл жолғы жаттығу соңғы төрт жылда бірінші рет өткізіліп отыр. Пентагон екі жыл бұрын қаржы үнемдеу мақсатында жаттығудан бас тартқан еді.

Бұл жаттығуға Аляска тұрғындары наразылық білдіріп, ауқымды әскери қимылдар қоршаған ортаға кері әсер етеді деген.

XS
SM
MD
LG