Accessibility links

Путин: ТҚҚҚ өзге елдерге қызмет етеді


Ресей президенті Владимир Путин Қоғамдық кеңес жиынында отыр. Мәскеу, 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Қоғамдық кеңес жиынында отыр. Мәскеу, 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамын "өзге мемлекеттер мүддесіне қызмет етеді" деп айыптады. Путин бұл жайлы Қоғамдық кеңес жиынында, Роскомнадзор мекемесі ұйым сайты бұғатталғанын хабарлағаннан кейін айтты.

Бас прокуратура әділет министрлігінің "шетел агенті" тізіміне енгізілген Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамына қатысты тергеу бастаған.

Өткен аптада қоғам сайтында ресейліктерді халықаралық құжаттар мен келісімдерде Украина территориясы саналатын "оккупацияланған" Қырым территориясына сапар кезінде кездесуі мүмкін проблемалар туралы ескертпе жарияланған.

Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы басшысы Михаил Аншаков Қырымға барғаннан кейін Шенген визасын ала алмай қалған ресейліктердің сансыз шағымына байланысты жасалғанын айтады.

XS
SM
MD
LG