Accessibility links

Бішкекте конституцияны өзгертуге қарсылық танытып жатыр


Қырғызстан конституциясын өзгертуге наразылық акциясы. Бішкек, 24 маусым 2015 жыл.
Қырғызстан конституциясын өзгертуге наразылық акциясы. Бішкек, 24 маусым 2015 жыл.

Қырғызстан парламенті алдында бүгін ел конституциясына өзгеріс енгізуге қарсы акция өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Акцияға 20-30 шақты адам, оның ішінде жас белсенділер қатысып жатыр. Олар қолдарына "Конституциядан қолыңды тарт!" деген жазуы бар плакаттар ұстап алған. Акцияны милиция қызметкерлері сырттай бақылап тұр.

Қырғызстан парламенті Жогорку Кенеш комитеттерінде конституцияға өзгеріс енгізу туралы заң жобасын талқылау басталған. Заң жобасында премьер-министрге үкімет мүшелерін отставкаға жіберу, құқық қорғау органдарына депутаттарды депутаттық мандатын иеленгенге дейін жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту құзыреттерін беру, жергілікті өзін-өзі басқару органдары басшыларын үкімет тағайындауы үшін партиялардың депутаттарды кері шақырып алу немесе мандатынан айыру құқығын беру қарастырылған.

Өзгерістерді ұсынған авторлардың айтуынша, жоба республикада "саяси тұрақтылықты" орнатуға арналған. Ал оған қарсылар түзетулер мен өзгерістер "билікті заңсыз иеленіп алу" үшін жасалмақ.

XS
SM
MD
LG