Accessibility links

Мәжіліс зейнетақы туралы заңға өзгерісті мақұлдады


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі бүгін алғашқы оқылымда зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді мақұлдады деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Заң жоабсында базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа ережесі ұсынылған. Ол бойынша, 2017 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандағы базалық зейнетақы мөлшері "зейнеткерлік жасқа жеткен кездегі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты анықталмақ.

Заң жобасында бұған қоса зейнетақы жүйесінің "жұмыс берушінің қосымша міндетті бес пайыздық зейнетақы жарнасы" есебінен жаңа шартты-жинақтаушы компонентін құру да қарастырылған. "Бұл жарналық төлемдер азаматтың меншігі болмайды. Ол әрбір жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесінде ашылған шартты зейнетақы шотында тіркеліп отырады" делінген хабарламада.

Құжатта бұған қоса келесі жылдан бастап барлық күштік құрылымдар қызметкерлерін толық мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етуге көшіру қарастырылған.

XS
SM
MD
LG