Accessibility links

Пәкістан: Ыстықтан көз жұмғандар саны 780-ге жетті


Карачиде тұрғындар аптап ыстықта қаталап жатқан қартаң кісіге су құйып тұр. Пәкістан, 23 маусым 2015 жыл.

Карачиде тұрғындар аптап ыстықта қаталап жатқан қартаң кісіге су құйып тұр. Пәкістан, 23 маусым 2015 жыл.

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында төрт күннен бері тұрған аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны 780 адамнан асты. Карачи басшылығы қалада ыстықта тұрғындар үйлерінен шықпау үшін демалыс жариялаған.

Биылғы ыстық қалада электр қуатының жиі өшірілуімен және мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айымен қатар келіп тұр. Ораза ұстағандар таңнан кеш батқанға дейін тамақ, я су ішпейді. Көз жұмғандардың көпшілігі, оның ішінде қартаң кісілер шөлден қаталап өлген.

Төрт күнде 800-ге жуық адамның қайтыс болғанын Reuters агенттігіне Edhi Foundation жеке қайырымдылық қорының өкілі Анвар Казми айтқан. Бірақ Пәкістанның денсаулық сақтау ведомствосы бұл ақпаратқа қатысты түсінік бермеді.

Қайырымдылық қоры 20 миллион халқы бар Карачиде жедел медициналық жәрдем, аурухана мен мәйітхана қызметтерін көрсетеді.

Карачидің ауқатты тұрғындарының көпшілігі 44 градустан асатын ыстықтан сақтану үшін ауа кондиционерлерін ірі генератор көмегімен пайдаланады.

XS
SM
MD
LG