Accessibility links

Украинадан мал өнімдерін кіргізу тыйымы жойылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан Украинаның сегіз кәсіпорнынан мал өнімдерін тасымалдауға салынған уақытша тыйымды жойды. Украинаның мемлекеттік ветеринария және фитосанитария қызметінің хабарлауынша, шектеуді алып тастау туралы шешім Қазақстанның ветеринарлық қадағалау және бақылау комитеті инспекторларының украин кәсіпорындарын тексеруінен кейін қабылданған.

Қазақстан нарығына қазір Украинаның бес сүт өңдеу және үш ет өңдеу кәсіпорнының тауарлары кіргізіледі. Бірақ бұл кәсіпорындардың "ерекше зертханалық бақылауда" болатыны айтылған.

XS
SM
MD
LG