Accessibility links

ОҚО-да көлік апатынан алты адам суға кетті


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысында "Нива" жеңіл көлігі өзенге аударылып, алты адам қаза тапты деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24 маусым күні сағат 07:58-де Газалкент магистралды каналына он адам мінген "Нива" көлігі аударылып кеткені туралы ақпарат түскен. Көлікте болған төрт әйелді оқиғаға куә болған 1975 жылы туған Асылбек Елмұратов есімді азамат құтқарып, өзі суға кеткен. Көліктегі қалған алты адам да суға ағып кеткен. Құтқарылған екі әйел аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, екеуі үйлеріне жіберілген.

Алты адамның денесі судан шығарылған. Құтқарушылар тағы бір әйелдің денесін іздестіріп жатыр.

Қазір оқиға себептері тексеріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG