Accessibility links

Ресей батыс елдері тауары импортына тыйымды ұзартты


Санкт-Петербургтегі азық-түлік дүкені. (Көрнекі сурет).

Санкт-Петербургтегі азық-түлік дүкені. (Көрнекі сурет).

Ресей батыс елдерінде өндірілген тауарларды импорттауға салынған тыйымды бір жылға ұзартты. Ресей президенті Владимир Путиннің "Біз жауап шараларын бүгіннен бастап бір жылға ұзартамыз" деген мәлімдемесі ақпарат агенттіктерінен таралды. Ресей өткен жылы АҚШ, Австралия, Канада, Норвегия мен Еуропа Одағына мүше елдерден азық-түлік тауарларын импорттауға тыйым салған.

Ресей батыс елдері тауары импортына салынған тыйымды тамыз айынан бастап жарты жылға ұзартады деп болжанған. Себебі Еуропа Одағы осы аптада Ресейге қарсы экономикалық санкцияны алты айға - 2016 жылғы қаңтардың соңына дейін ұзартқан. Еуропа Одағы бұған қоса Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырым түбегіне инвестиция құюға салынған тыйымды да бір жылға ұзартқан.

Батыс елдері өткен жылы шілдеде Мәскеудің Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдағаны үшін санкция салған.

XS
SM
MD
LG