Accessibility links

Сенат Каспийге қатысты Түркіменстанмен келісімді мақұлдады


Қазақстанның Каспийдегі Қашаған мұнай кеніші. (Көрнекі сурет).

Қазақстанның Каспийдегі Қашаған мұнай кеніші. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты депутаттары бүгін Каспий теңізінің Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы табанын анықтап бөлу туралы келісімді ратификациялады.

Келісімге сәйкес екі ел Каспий теңізінің өзіне тиесілі секторына иелік етеді әрі олар ондағы ресурстарды өз ықтиярымен игеруге құқылы.

Мамырдың соңында Түркіменстан парламенті Қазақстанмен арада Каспий теңізіндегі шекараны бекіту туралы қол қойылған келісімді бекіткен. Келісімге Қазақстан мен Түркіменстан үкіметтері 2014 жылдың 7 қарашасында қол қойған.

XS
SM
MD
LG