Accessibility links

«Тамаша үйге» үміттілер биліктен көмек сұрайды


Астанадағы "Тамаша үй" тұрғын үй кешенінің үлескерлері. 25 маусым 2015 жыл.

Астанадағы "Тамаша үй" тұрғын үй кешенінің үлескерлері. 25 маусым 2015 жыл.

Астанадағы «Тамаша үй» тұрғын үй кешеніне инвестор ретінде ақша салған оншақты адам бүгін жүрмей тұрған құрылыс басында жиын өткізді. Белсенді топтың мүшесі Дәурен Байжановтың Азаттыққа айтуынша, «Тамаша үй» кешенінің басшысы олардың ақшаларын «Капитал строй сервис» компаниясына аударған. Ал «Капитал строй сервистің» жетекшісі басқа құрылыс нысанындағы дау бойынша сотқа тартылған. «Тамаша үй» кешенінің жетекшісі болса, инсульттен кейін төсек тартып жатып қалған. Келісім-шарт бойынша инвестор аталатын, өздерін «үлескерміз» деп таныстыратын тұрғындар енді мемлекеттік мекемелерге шағым-хат тапсырып, жағдайларын түсіндірмек.

Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының төраға орынбасары Дәулет Рысқұлов Азаттыққа компания мен инвестор-үлескер арасындағы дау азаматтық тәртіп бойынша шешілуі тиіс дейді. Ал «үлескерлер» болса, әкімдік көмектеспесе ақшаларын кері қайтара алмайтындарын, пәтерлерінің салынбайтынын айтады.

12 қабаттан тұрады делінген «Тамаша үй» кешеніне 2013 жылы 40 адам инвестор болған. Және пәтер құнын жүз пайыз төлеген. Келісім-шарт бойынша, олар уәделі пәтерлеріне осы жылы кіруі тиіс болған. Алайда құрылыс басында қазылған тоғаннан өзге ешқандай жұмыс жүргізілмеген.

XS
SM
MD
LG