Accessibility links

Сапарбаев Калачи тұрғындарымен кездесті


Калачи ауылындағы зерттеу комиссиясының көлігі. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл.

Калачи ауылындағы зерттеу комиссиясының көлігі. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл.

Премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев Ақмола облысындағы Калачи ауылы тұрғындарымен кездесуде оларға жекеменшікке үй беру мәселесін шешуге көмектесуге уәде берді.

Үкімет сайтында хабарланғандай, Сапарбаев Калачиге сапарында Ұлттық ядролық орталықтың ауылдағы экологиялық жағдайы мен "ұйқы синдромының" себептерін зерттеу барысы туралы ақпаратын тыңдаған. Сарапшылар жасаған қорытынды бойынша, "ұйқы ауруына" радонның әсері бары расталмаған.

Калачи ауылы мен оған іргелес Красногорский ауылында соңғы жылдарда ондаған тұрғын "ұйқы дерті" белгілерімен ауруханаға түскен. Науқастар дел-сал болып, бастары ауырып, есте сақтау қабілеті нашарлап, ұйқы басатынын айтып шағымданған. Бұған дейін бірнеше комиссия мен жүргізілген зерттеулер белгісіз дерттің нақты себептерін әлі анықтай алмады. Ауыл іргесінде совет одағында өндіріліп, кейін жабылып қалған уран кеніші бар.

Көктемде Астанада жұмыс сапарымен болған БҰҰ-ның улы қалдық заттар жөніндегі арнайы өкілі Башкут Тунчак Қазақстан билігін Калачи тұрғындарын басқа жаққа көшіруге шақырған.

Ресми мәлімет бойынша, 19 маусымға дейін Калачиден 65 отбасы (немесе 176 адам) көшірілген.

XS
SM
MD
LG