Accessibility links

НАТО: Донбаста соғыстың қайта жалғасу қаупі бар


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Украина шығысында кең ауқымды әскери іс-қимылдардың қайта басталу қаупі әлі төніп тұр деп мәлімдеді бүгін НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Ол Ресейді Донбасста соғысып жатқан сепаратистерді қолдауды тоқтатуға шақырды.

Брюссельде НАТО-Украина кеңесі отырысының ашылуында сөйлеген Столтенберг Украинадағы қарулы қақтығыс аймағында атысты тоқтату режимін бұзу байқалатынын айтты. Оның сөзінше, Мәскеу сепаратистерді дайындап, оларға әскер мен қару-жарақ жағынан көмектесуін тоқтатпай отыр. "Екі ел арасындағы шекарада Ресей әскерінің қарасы көбейген" деді НАТО бас хатшысы.

Ресей Украина шығысындағы қақтығысқа қатысы барын жоққа шығарып келеді.

Соңғы апталарда Донбастағы жағдайдың шиеленісуі ақпан айында Миснкіде қол қойылған қақтығысты тоқтату туралы келісімнің орындалуына қауіп төндіріп отыр. БҰҰ мәліметінше, Украина шығысында қақтығыстан 6 мың 400-ден астам адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG