Accessibility links

Белсенділер киік-қырғынды тексеріп қайтты


Бейсенбі күні "Шындық" экспедициясының белсенділері Астанаға оралып, мамырда киіктер жаппай қырылған облыстарды сегіз күн жүріп аралағанда көрген-білген мәліметтерін Азаттыққа хабарлады. Экспедиция мүшесі Мақсат Ілиясұлы көмілмей қалған 42 киіктің өлексесін тапқандарын айтады.

- Өлген киіктің саны ресми ақпараттан әлдеқайда көп. Біздің болжамымызды жергілікті тұрғындар да қолдап,[киіктердің] гептилден қырылды деген пікір айтты, - деді ол.

Экспедиция мүшелері жуыр күндері арнайы баспасөз-мәслихатын өткізіп, фото және видеоматериалдарын жарияламақшы.

Биыл мамыр айында Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 150 мыңға жуық Бетпақдала киігі түсініксізден аурудан қырылып қалған еді. Ауыл шаруашылық министрлігі киіктер пастереллезден өлді деп санайды. Ал жергілікті тұрғындар, кейбір биолог-ғалымдар мен эко-белсенділер киіктердің өліміне Байқоңырдан ұшқан бойы бірнеше мәрте апатқа ұшыраған ресейлік "Протон" зымырандарынан төгілген улы отын - гептил себеп болуы мүмкін деп санайды.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG