Accessibility links

Алматы ІІД: Полициямен атыста бір күдікті өлді


Алматы полициясының арнайы жасағы. Көрнекі сурет

Алматы полициясының арнайы жасағы. Көрнекі сурет

Бейсенбі кешкі сағат 20.00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы "Жібек жолы" базарында полицияның "кісі тонады" деген күдікпен екі адамды ұстау операциясы кезінде атыс болып, бір күдіктінің оққа ұшқаны хабарланды.

Қалалық ІІД-ге сілтеме жасаған Tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша, екі күдікті полицияға қарудан оқ атқан. Атыс кезінде олардың бірі өлімші болып жараланып, екіншісі қолға түскен.

Алматы қалалық ІІД-нің мәлімдеуінше, бұл оқиғаға қатысты тергеу-тексеру жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG