Accessibility links

АҚШ: Қазақстан БАҚ еркіндігін шектеп отыр


Полиция теңге девольвациясына қарсылық танытқандарды ұстап әкетіп барады. Алматы, 15 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Полиция теңге девольвациясына қарсылық танытқандарды ұстап әкетіп барады. Алматы, 15 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстан билігі өткен жылы ой-пікір еркіндігін шектеп, ақпарат құралдарына "заң арқылы, лицензиясын қайтарып алу, интернетті пайдалануын шектеу, қылмыстық және әкімшілік қуғындау жолымен" қысым көрсетті деп хабарланды АҚШ мемлекеттік департаментінің 2014 жылғы әлем елдеріндегі адам құқықтарының сақталуы туралы есебінде.

Есепте журналистер мен басылымдарға қарсы құқықтық шаралар, оның ішінде билік өкілдерінің "жала жабу" туралы шағымы негізіндегі айыптаулар салдарынан бірнеше ақпарат құралының қызметі тоқтатылғаны айтылған. Бұл өзіне-өзі цензура қоюға әсер еткен.

Мемлекеттік департамент есебінде Қазақстан парламенті "сөз бостандығы, жиын өткізу мен дін ұстау еркіндігін барынша шектейтін" жаңа қылмыстық және әкімшілік кодекс қабылдағаны айтылады. Бұған қоса Қазақстанда қамауға алынғандар мен тұтқындарды азапталып, негізсіз көз жұматыны, заңсыз тұтқындау, азаматтардың жеке өміріне қол сұғу, партияларды тіркеу тәртібінің қатаңдатылуы, үкіметтік емес ұйымдар қызметінің шектелгені де келтірілген.

XS
SM
MD
LG