Accessibility links

Армения билігі демонстранттар талабынан бас тартты


Ееревандағы электр нергиясы тарифтерінің қымбаттауына наразылық акциясы. Армения, 24 маусым 2015 жыл.

Ееревандағы электр нергиясы тарифтерінің қымбаттауына наразылық акциясы. Армения, 24 маусым 2015 жыл.

Еревандағы екінші аптаға созылған наразылық акцияларына қарамастан, Армения билігі демонстранттар талап еткендей электр энергиясы тарифтерін биыл тамыз айынан бастап 16 пайызға қымбаттату шешімінен бас тартпайтынын мәлімдеді. Үкіметтің таңдаған саясатынан бас тартпайтынын хабарлаған премьер-министр Ховик Абрахамян тарифтерді қымбаттату "Арменияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін" қажет екенін айтты. Ол бұған қоса жаңа тарифтерге бейімделуі үшін әлеуметтік көмекке мұқтаж 105 мыңға жуық отбасының жәрдемақысы көбейетінін де айтты.

Абрахамян демонстранттарды Еревандағы президент сарайы маңындағы қозғалыс көп болатын Баграмян даңғылын ашуға шақырды.

24 маусымда тоғыз мыңнан астам демонстрант полицияның өз еркімен тарау туралы талабынан бас тартып, Баграмян даңғылына орналасып, жауып тастаған.

23 маусымда жүздеген полицей демонстранттарды қуып тарату үшін су шашып, екі жақ арасында текетірес болған.

XS
SM
MD
LG