Accessibility links

Грекия несие берушілермен тағы келісе алмады


Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.

Афина мен халықаралық несие берушілер Грекиядағы қаржы дағдарысын шешу шешу жолдары жөнінде келісімге тағы келе алмады. 25 маусымда Брюссельде еуро қолданатын елдер қаржы министрлерімен өткен кездесуде Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас елге несие бөлу туралы келісім жасай алмады. Келіссөз 27 маусымда қайта жалғасады.

Германия канцлері Ангела Меркельдің сөзінше, келіссөзден ешнәрсе шығатын емес. Ол "Біз қажетті прогресске қол жеткізе алмадық, тіпті кейбір мәселелер бойынша біз кері кетіп барамыз" деп мәлімдеді.

Еуропа комиссиясы, Ерропа Орталық банкі мен Халықаралық валюта қоры Грекияға 30 маусымда мерзімі аяқталатын 7,2 милилард АҚШ доллары көлеміндегі соңғы траншты бөлуден бас тартты. 30 маусымда Грекия үкіметі Халықаралық валюта қорының несиесі бойынша 1,5 миллиард еуро төлем жасауы қажет. Төлем жасалмаса Грекия дефолтқа ұшырап, Еуропа Одағынан шығуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG