Accessibility links

"Әділ сөз" мамырдағы сөз бостандығы есебін жариялады


"Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының жетекшісі Тамара Қалеева.
"Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының жетекшісі Тамара Қалеева.

"Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры мамыр айындағы Қазақстандағы ой-пікірін білдіру, ақпарат алу және тарату құқығының бұзылуына қатысты есебін жариялады.

Халықаралық ұйымның мәліметінше, қаңтар айынан бері Қазақстанда ақпарат құралдары мен азаматтарға қатысты абыройы мен ар-намысын және іскерлік беделін қорғау туралы талап арыз бойынша жиыны 553 миллион 600 мың теңге моральдық өтемақы сұраған 21 сот тыңдауы өткен.

Мамыр айында бұған дейін қаралып жатқан абыройы мен ар-намысын және іскерлік беделін қорғау туралы талап арыз бойынша бес сот шешімі шыққан. Оның үшеуі ақпарат құралдары мен журналистердің пайдасына шешілген.

"Әділ сөздің" есебінше, жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтардың ой-пікірін білдіру, ақпарат алу мен тарату еркіндігі құқығын іске асыруына байланысты "жала жабу" бойынша сегіз айып, "ұлтаралық араздықты қоздыру" бойынша үш айып, "көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша үш айып тағылған. Бұған қоса абыройы мен ар-намысын және іскерлік беделін қорғау туралы 39 сотқа дейінгі талап-шағым түскен.

XS
SM
MD
LG