Accessibility links

Қызылордада шетел қазақ балалары олимпиадасы өтті


Шетелдегі қазақ балалары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен олимпиада жүлдегерлері марапаттау рәсімінде тұр. Қызылорда. 25 маусым, 2015 жыл.

Шетелдегі қазақ балалары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен олимпиада жүлдегерлері марапаттау рәсімінде тұр. Қызылорда. 25 маусым, 2015 жыл.

Республикалық «Дарын» білім орталығының ұйымдастыруымен биыл Қызылорда қаласында өткен шетелдегі қазақ балалары арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен олимпиада аяқталды деп хабарлайды орталықтың директоры Шолпан Қирабаева.

Шолпан Қирабаеваның айтуынша, осымен он екінші мәрте өткен олимпиаданың бас жүлдесін Өзбекстан мен Ираннан келген оқушылар иемденген.

- Бірінші орынды үш балаға бердік. Оның екеуі Өзбекстаннан, біреуі Ираннан. Жеңімпаз балаларға Қызылорда облысы әкімі ноутбук сыйлады. Қытай, Ресей, Монғолиядан келуге тиісті балалардың кейбіреулері құжаттардың дұрыс болмауына байланысты олимпиадаға келе алмай қалды. Биылғы пән олимпиадасына қатысуға 40-қа жуық бала келді, - деді Шолпан Қирабаева.

Оның сөзінше, осы күнге дейін пән олимпиадасының жеңімпазы болған 150-ге жуық бала Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқып жүр.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG