Accessibility links

Прокурор Сәкен Тулбаевты 5 жылға соттауды сұрады


"Діни алауыздықты қоздыру" айыбы бойынша сотталушы Сәкен Тулбаев (оң жақта) сот залында. Алматы, 26 маусым 2015 жыл.

"Діни алауыздықты қоздыру" айыбы бойынша сотталушы Сәкен Тулбаев (оң жақта) сот залында. Алматы, 26 маусым 2015 жыл.

Алматының Бостандық аудандық сотында өтіп жатқан сот процесінде прокурор Асхат Есенов "діни алауыздықты қоздырды" және тыйым салынған "Таблиғи Жамағат" діни ұйымына мүше болды" деп айыпталған алматылық тұрғын Сәкен Тулбаевты бес жылға соттауды сұрады. Прокурордың сөзінше, Тулбаевқа тағылған екі айып та "дәлелденген".

Сәкен Тулбаев соттағы сөзінде өзіне тағылған "діни алауыздықты қоздыру" айыбын терістеді. Ол "Таблиғи Жамағат" діни ұйымы жоқ болғандықтан өзінің ондай ұйым мүшесі болуы мүмкін емесін айтты. Адвокаты Жандос Булхайыр да Тулбаевтың сөзін қоштады.

Судья Арай Нұғманова келесі сот отырысын 29 маусымға белгіледі. Бұл күні сотта Сәкен Тулбаевқа соңғы сөз беріліп, үкім оқылмақ.

XS
SM
MD
LG