Accessibility links

ТЖК: 2,5 мың ғимаратты сейсмикалық күшейту қажет


Өскемендегі жедел медициналық жәрдем ауруханасы, 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Өскемендегі жедел медициналық жәрдем ауруханасы, 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда екі жарым мыңға жуық ғимарат, оның ішінде мектептер ауруханалар сейсмикалық тұрғыдан күшейтуді қажет етеді деп мәлімдеді бүгін ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК) төрағасының орынбасары Владимир Беккер. Оның сөзінше, қазір 470 мектеп, 270 аурухана, 198 балабақша мен 1046 қоғамдық нысанды сейсмикалық жағынан күшейту қажет.

Төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше, соңғы бес жылда республикада 101 білім беру, 50 денсаулық сақтау нысаны мен 100 өндірістік құрылыс сейсмикалық жағынан күшейтілген. Оңтүстік Қазақстан облысынан басқа аймақтарда тұрғын үй ғимараттарына сейсмикалық күшейту жүргізілмеген.

Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божконың айтуынша, аса қауіпті нысандардың көп болуы мен тұрғындардың басым көпшілігінің сейсмикалық қауіпті аймақтарда қоныстануынан күшті жер сілкінісі ғана емес, қуаты орташа жерасты дүмпуінен де қауіп бар.

XS
SM
MD
LG