Accessibility links

Евгений Примаков қайтыс болды


Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Евгений Примаков.

Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Евгений Примаков.

Мәскеуде 86 жасқа қараған шағында Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Евгений Примаков қайтыс болды. Соңғы уақытта ол қатты науқастанып қалған еді.

Евгений Примаков Ресей үкіметін 1998 жылдың қыркүйегінен 1999 жылдың мамырына дейін басқарған. Бұған дейін ол Ресей сыртқы істер министрлігі мен сыртқы барлау қызметін басқарған.

Ресей президенті Владимир Путин Примаковтың көз жұмуына байланысты көңіл айтты деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

XS
SM
MD
LG