Accessibility links

«Әділ сөз»: SCAT тілшіні жауапқа тарттырмақ


SCAT әуе компаниясының ұшағы. (Көрнекі сурет)

SCAT әуе компаниясының ұшағы. (Көрнекі сурет)

«SCAT әуе компаниясы «Радиоточка» сайтының журналисі Сергей Кимді қылмыстық жауапкершілікке тарттыру үшін Алматы қалалық ішкі істер департаментіне шағымданғанын айтты» деп хабарлады «Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымы.

Әуе компаниясы сайттың биыл 17 маусымда жариялаған,SCAT-ты «әлемдегі ең қауіпті компаниялар» қатарына қосқан материалына наразы. Тілшінің «тексерілмеген және шындыққа сай келмейтін мәліметі әуе компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтірді» дейді SCAT.

«Әділ сөз» дерегінше, «Радиоточка» сайты кейін SCAT туралы деректі жариялағанда әуе транспортының халықаралық қауымдастығына (International Air Transport Association) сілтеме жасағандары жаңсақтық болғанын, анығы ол мәліметті Airlineratings.com сайтынан алғандарын мәлімдеген.

Биыл Airlineratings.com сайты SCAT компаниясын әлемдегі ең қауіпті әуе компаниялары тізіміне енгізген.

Маусымның 16-сы күні кешке Ақтау әуежайында SCAT компаниясының Астанадан DV742 рейсімен ұшып келген жолаушылар ұшағы техникалық қызмет көрсету кезінде өртеніп кеткен. Одан бұрын, 2013 жылы қаңтардың 29-ы күні Алматы маңында SCAT компаниясына тиесілі Challenger-200 ұшағы құлап, борттағы 5 экипаж мүшесі мен 16 жолаушы опат болған.

XS
SM
MD
LG