Accessibility links

Байқоңырда Ресей ғарыш кемесін ұшуға дайындады


«Прогресс М-28М» жүк таситын ғарыш кемесінің басына, ауа қарсылығын жеңілдететін сүйір ұштығы орнатылған сәт. Байқоңыр, 25 маусым 2015 жыл. Сурет "Роскосмос" агенттігінің ресми сайтынан алынды.

«Прогресс М-28М» жүк таситын ғарыш кемесінің басына, ауа қарсылығын жеңілдететін сүйір ұштығы орнатылған сәт. Байқоңыр, 25 маусым 2015 жыл. Сурет "Роскосмос" агенттігінің ресми сайтынан алынды.

Ресейдің "Роскосмос" ғарыш агенттігінің хабарлауынша, Байқоңырдан 3 шілде күні ұшуы тиіс «Прогресс М-28М» жүк таситын ғарыш кемесінің басына, ауа қарсылығын жеңілдететін сүйір ұштығы орнатылған.

Ресей ғарыш агенттігінің ақпаратына қарағанда, ұштық 25 маусым күні орнатылып, Байқоңыр ғарыш айлағының монтаж-сынақ корпусында ғарыш кемесі авторлық тексеруден өткен.

«Прогресс М-28М» ғарыш кемесін «Союз-У» зымыран тасығышы 3 шілде күні Байқоңырдан ғарышқа алып ұшады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG