Accessibility links

Эстония: Ресей әскери ұшағы әуе кеңістігімізді бұзды


Ресейдің Ан-26 әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Ан-26 әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

22 маусым күні Ан-26 ұшағы жоспарлы жолынан ауытқып, Вайндло аралы маңында Эстония әуе кеңістігіне кіріп кеткен.

Мұнан соң Эстония билігі Ресей әскери ұшағының елдің Балтық теңізіндегі әуе кеңістігін бұзып кіргенін мәлімдеді.

Эстония сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мари-Лиз Вальтер 26 маусым күні ведомствоның "Ресей елшісін шақыртып алып, елдің әуе кеңістігіне басып кіруге қарсылықтарын тапсырғанын" хабарлады.

Вальтер 22 маусым күні әуе шекарасын бұзған Ан-26 ұшағы екенін айтты. Ол ұшақтың Эстония әуе кеңістігінде бір минуттай болғанын хабарлады.

Вайндло аралы ​Ресей ұшақтарының Санкт-Петербургтен Калининградқа баратын жолы маңында жатыр.

Балтық елдері кейінгі жылдары Ресей ұшақтарының әуе кеңістіктерін жиі бұзып жүргенін айтады. Соңғы жылы НАТО мен Ресей күштері арасында араздық білінеді.

XS
SM
MD
LG