Accessibility links

СІМ: Тунисте зардап шеккендер ішінде қазақстандықтар жоқ


Тунистегі терактіден қаза тапқан адамдардың мәйіттері. Тунис, Сус курорты, 26 маусым 2015 жыл.

Тунистегі терактіден қаза тапқан адамдардың мәйіттері. Тунис, Сус курорты, 26 маусым 2015 жыл.

27 маусым күні Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Азаттық тілшісіне "Тунистегі шабуылдан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Біздің Мысырдағы (Египет) елшілігімізге Тунис ішкі істер министрлігі осылай хабарлады" деді.

26 маусым күні Тунистегі Сус курорты маңындағы "Империал Мархаба" қонақ үйіне белгісіз біреулер шабуыл жасап, арасында шетелдік туристер де бар 27 адамды мерт еткен еді. Министрлік өкілі Мохамед Али Арудың хабарлауынша, шабуыл жасаған адамдардың бірі полициямен атыста оққа ұшып өлген. Тунисте биыл наурызда "Бардо" музейіне шабуыл жасалып, шетелдік 21 турист мерт болған еді.

XS
SM
MD
LG