Accessibility links

Назарбаев: EXPO-ға әзірлік кестеге сай жүріп жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27 маусым күні EXPO-2015 көрмесі өтіп жатқан Италияның Милан қаласында Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесіп, Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне дайындық барысын талқылады.

Кездесу Назарбаев Миландағы көрмеде Қазақстан күнін ашқаннан кейін болған.

Президент баспасөз қызметі хабарламасында Назарбаевтың "Уәде бергеніміздей 2016 жылдың аяғына қарай Астанадағы барлық нысандар салынып бітеді. Қаржы бөлінген, тиісті ұйымдар жұмыс істеп жатыр. Барлық шаруа кестеге сай атқарылып келеді. Ол жұмыстарды мен жеке қадағалап отырмын" деген сөзін келтірген.

Қазақстан қаржы полициясы "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының үш басшысы коррупциямен айналысты деп күдіктенеді. Өткен аптада "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев тұтқындалды. Оның алдында осы компанияның басқарма төрағасы Талғат Ермегияев пен құрылыс департаменті бастығы Қажымұрат Үсенов үй қамаққа алынған еді. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер сөз байласып, бюджет қаражатын жымқырған, 214 миллионов теңгені (бір миллион долларға жуық) ысырап еткен.

XS
SM
MD
LG