Accessibility links

Армения президенті электр қуатын төлеуге көмектеспек


Еревандағы наразылық.
Еревандағы наразылық.

Армения президенті Серж Саргсян ел тұрғындарына электр қуатын төлеуге қаржылай көмектесетінін мәлімдеді. Армения астанасы Ереванда электр қуаты ақысының өсуіне қарсы наразылық шеруі басталған еді.

Саргсян электр қуатын өндіруші және таратушы ресейлік компанияларға жүргізілетін аудиттің нәтижесі шыққанша "ел үкіметінің тариф ауыртпашылығын өз мойнына алатынын" мәлімдеді. Яғни, жаңа тариф пен ескі тариф арасындағы айырмашылықты аудит нәтижесі шыққанша үкімет төлей тұрады.

Ол 27 маусым күні Ереванда "Әрине, біз әлеуметтік бағдарламаларды қысқартпаймыз. Ол ақшаны қауіпсіздік саласына аударылған қаражаттан бөлеміз" деген.

Саргсян "аудит нәтижесінде электр қуатының бағасының қымбаттауы дұрыс деген шешім шықса, оның іске асатынын" айтқан.

Алайда шеру жетекшілері президенттің бұл жоспарын құптамады. Олар үкіметтің электр қуатының ақысын өсіруіне наразы, жаңа тарифті мүлде жоюды талап етеді. Үкімет 1 тамыздан бастап тарифтің 16 пайызға қымбаттайтынын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG