Accessibility links

Украина шығысында үкімет әскері көбейеді


Украина әскерінің жаттығуы. Киев, 15 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина әскерінің жаттығуы. Киев, 15 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина үкіметі Канададан келетін 200 инструкторды да күтіп отыр.

Украина президенті Петр Порошенко Украинаның шығысындағы үкімет әскері саны 60 мыңға көбейетінін хабарлады. Бұл ақпаратты ол Украинадағы "Интер" телеарнасына берген сұхбатында айтқан. Порошенконың сөзіне қарағанда, қақтығыс аймағында бұған дейін Украинаның 30 мың әскері болған.

Украина үкіметінің өкілдері елдің шығысындағы қақтығыс аймағында 40 мыңға жуық ресейшіл сепаратист әрекет етіп жатқанын айтады. 2014 жылы желтоқсан айында Киев 2015 жылға жоспарланған әскерге шақыру шарасын бастайтынын мәлімдеген.

2015 жылдың тамызынан бастап Украина әскерінің оқу-жаттығуларына Канададан келген 200 әскери қызметкер қатысатын болады.

Украина қорғаныс министрі Степан Полторак пен Канада қорғаныс министрі Джейсон Кенни біріккен әскери жаттығулар өткізуге келіскен еді.

XS
SM
MD
LG