Accessibility links

Әзербайжанмен шекарада Армения сарбазы қаза тапты


Таулы Қарабақтағы тарихи ғимарат. (Көрнекі сурет)

Таулы Қарабақтағы тарихи ғимарат. (Көрнекі сурет)

Армения билігі Әзербайжанмен арадағы шекарадағы қарулы қақтығыстан бір сарбазы қаза тапқанын хабарлады. Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі "солдат 26 маусым күні шекарада қаза тапты, Әзербайжан әскерилері бірінші оқ атқан" деп мәлімдеді.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения мәлімдемесін теріске шығарады.

Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақ үшін 10 жылдан астам уақыт бойы жауласып келеді. Қарабақ - екі елдің шекарасындағы Әзербайжанға тиесілі, бірақ армяндар көп тұратын өлке. 1990-жылдары болған соғыста 30 мыңдай адам қаза тапты деген ақпарат бар. Қарабақ қазір даулы аймақ болып тұр. Қақтығысты реттеуге АҚШ, Ресей, Франция араласқанымен, әлі мәселе шешілмеген.

XS
SM
MD
LG