Accessibility links

Еревандағы шеруге оппозиция қосылды


Еревандағы шеру.
Еревандағы шеру.

Еревандағы электр қуаты ақысының қымбаттауына қарсы мыңдаған наразылардың шеруіне "Құрылтайшы парламент" оппозициялық ұйымының өкілдері қосылды. Мұны осы ұйымның үйлестірушісі Жирайр Сефилян хабарлады. Оның айтуынша, "Армения билігі халық талабын орындамаған. Сондықтан қарсылықты жалғастыру керек".

Бұрын хабарланғандай, Армения билігі электр қуатының ескі және жаңа тарифі арасындағы айырмашылықты төлеуге келісті. Мұндай мәлімдеме Армения президенті Серж Саргсянның сайтында жарияланды. Алайда бұған қарамастан, наразылар Баграмян даңғылынан кетуден бас тартты. Олар электр қуаты ақысының қымбаттауын мүлде болдырмауды талап етеді.

Шерулерді "Тонауға жол жоқ" азаматтық бастамасы ұйымы ұйымдастырған болатын. Бұл ұйым бүгін президент мәлімдемесіне қатысты өз позициясын жариялайды. Осының алдында ғана наразылар "бүкілхалықтық мобилизация" жариялаған.

Еревандағы шағын қарсылық акциясы 23 маусымда шеруге ұласты. Сол күні наразыларды полиция қуып таратуға тырысқан еді.

XS
SM
MD
LG