Accessibility links

Арменияда қарсылық жалғасып жатыр


Полиция өкілі шерушімен сөйлесіп тұр. Ереван. 29 маусым, 2015 жыл.

Полиция өкілі шерушімен сөйлесіп тұр. Ереван. 29 маусым, 2015 жыл.

Армения астанасы Ереван қаласының Баграмян даңғылында мыңдаған адам үкіметке наразылығын жалғастырып тұр. Армения полициясының бастығы Владимир Гаспарян маусымның 28-іне кешке қарсылық білдірушілерді алаңнан кетуге үндеген. Оған дейін Гаспарян Баграмян даңғылын тастап кету үшін 30 минут уақыт беретінін, одан соң полиция «қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін» әрекет ететінін мәлімдеген.

Еревандағы электр қуаты ақысының қымбаттауына қарсы мыңдаған адам қатысып жатқан наразылық шеруіне бір аптадан асты. Шерушілер электр қуаты ақысының қымбаттатпауды талап етіп отыр. Наразылық білдірушілерге кеше «Құрылтайшы парламент» оппозициялық ұйымының өкілдері қосылған. Оппозиция «Армения билігі халық талабын орындамаған. Сондықтан қарсылықты жалғастыру керек» деген үндеу тастаған.

Армения президенті Серж Саргсян Армения электр қуатының ескі және жаңа тарифі арасындағы айырмашылықты үкімет тарапынан төлеуге келісетінін мәлімдеген. Алайда бұған қарамастан, наразылар Баграмян даңғылынан кетуден бас тартып, электр қуаты ақысын еш қымбаттатпауды талап еткен.

Шерулерді «Тонауға жол жоқ» азаматтық бастамасы ұйымы ұйымдастырған болатын. Еревандағы шағын қарсылық акциясы 23 маусымда шеруге ұласты. Сол күні наразыларды полиция қуып таратуға тырысқан еді.

XS
SM
MD
LG