Accessibility links

АҚШ-та зымыран тасығыш құлады


Ұшқышсыз басқарылатын жүк кораблін тиеп, Флорида ғарыштық айлағынан ұшырылған Falcon 9 зымыран тасығышының сынықтары. 28 маусым 2015 жыл.
Ұшқышсыз басқарылатын жүк кораблін тиеп, Флорида ғарыштық айлағынан ұшырылған Falcon 9 зымыран тасығышының сынықтары. 28 маусым 2015 жыл.

Жексенбіде АҚШ-та ұшқышсыз басқарылатын корабльді алып ұшқан Falcon 9 зымыран тасығышы жарылған. Бұл зымыран тасығыш Халықаралық ғарыштық станцияға қажетті жүкті жеткізуге тиіс болатын.

АҚШ-тың НАСА ғарыш агенттігі таратқан ақпаратқа қарағанда, апат Канаварел мүйісіндегі ғарыш айлағынан зымыран тасығыш көтерілгеннен кейін болған. Зымыран бөлшектері Атлант мұхитына құлаған. Dragon кораблі халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік пен тәжірибе жасаға арналған құрал-жабдықтар мен материалдары бар екі тоннаға жуық жүк жеткізуі тиіс болған.

Биыл сәуірдің 28-іне Тынық мұхит үстінде ресейлік «Прогресс» жүк кораблі жанып кеткен болатын. Бұл корабль де халықаралық ғарыш станциясына екі жарым тонна жүк апаруы қажет еді.

Халықаралық орбита кешенінің бортында қазір ресейлік Ресей ғарышкерлері Геннадий Падалка, Михаил Корниенко және АҚШ ғарышкері Скотт Келли жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG