Accessibility links

Кәрім Мәсімов: экстремизмге азаматтық қоғам да қарсы тұру керек


Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясында сөйлеп тұрған Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов. Астана. 29 маусым, 2015 жыл.

Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясында сөйлеп тұрған Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов. Астана. 29 маусым, 2015 жыл.

Бүгін Астанада Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясы басталды. Жиынның кіріспе бөлігінде сөз сөйлеген Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов зорлық экстремизм мен терроризм үгіт-насихатына азаматтық қоғамның қарсы тұру керектігін мәлімдеді.

Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

- Адамдарды өздеріне тартудың бір амалы ретінде радикалдар белсенді түрде интернетті пайдаланып отыр. Қараңыздаршы, террористердің қарулы жиһадқа шақырған бір ғана мақаласын Facebook-тен WhatsApp-қа дейін бір тәулікте екі миллионнан астам адам қараған. Қазақстан мұндай материалдарды іздеп тауып, бұғаттап отыр. Алайда, біздің бұл бағыттағы әрекетіміз уақытылы әрі жүйелі болуы тиіс. Сондай-ақ, экстремизм мен терроризмге үгіт-насихатын тосқауыл қою үшін азаматтық қоғам да белсенділік таныту керек, - деді Мәсімов.

Бүгін-ертең өтетін Орталық және Оңтүстік Азия елдері зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясына 24 елдің делегаттары қатысып жатыр. Олардың арасында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері де бар.

XS
SM
MD
LG