Accessibility links

Алматыда Орталық Азиядағы миграция талқыланды


Миграция бойынша өңірлік бағдарлама қорытындылары туралы конференция. Алматы, 29 маусым 2015 жыл.

Миграция бойынша өңірлік бағдарлама қорытындылары туралы конференция. Алматы, 29 маусым 2015 жыл.

Алматыда мигранттар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету, үкіметпен және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтасу арқылы Орталық Азия елдері мен Ресейдегі еңбек миграциясын басқару тетіктерін жетілдіруге арналған Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) миграция бойынша өңірлік бағдарламасының қорытындылары талқыланып жатыр.

Екі күндік конференция барысында кемсітушілікпен күрес және ксенофобияның алдын алу, Ресей экономикасының бәсеңдеуі мен оның өңірдегі миграцияғы әсері, Орталық Азия мен Ресейдегі мигрант әйелдердің келешегі мәселесінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мәселелері де талқыланбақ.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, бағдарламаның маңызды бөлігі Дүниежүзілік банктің миграция және ақша аударымдары саласында ТМД елдерінің сарапшылары мен мамандары қосылатын «СЕТЬ МИРПАЛ » жобасы болып табылады.

2010 жылы басталған бұл бағдарламаны БҰҰ құрылымы - Миграция бойынша халықаралық ұйым Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей үкіметтерімен бірлесе жүзеге асырған.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG