Accessibility links

Қазақстан АИИБ-ны құру келісімі баптарына қол қойды


Азия инфрақұұрылымды инвестициялау банкін (АИИБ) құрушы елдер өкілдері АИИБ-ны құру келісімі баптарына қол қою рәсімінде. Пекин, 29 маусым 2015 жыл.

Азия инфрақұұрылымды инвестициялау банкін (АИИБ) құрушы елдер өкілдері АИИБ-ны құру келісімі баптарына қол қою рәсімінде. Пекин, 29 маусым 2015 жыл.

Қазақстан Азия инфрақұрылымды инвестициялау банкін (АИИБ) құру туралы келісім баптарына қол қойды деп хабарлады бүгін ұлттық экономика министрлігі.

Қол қою рәсімі бүгін Пекинде өткен. Оған АИИБ-ны құрушы 57 мемлекет өкілдері қатысқан. Келісім бабына 57 мемлекеттің 50-і қол қол қойған, қалған 7 ел 2015 жылдың соңына дейін қол қоймақ. Қазақстан атынан келісімге ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қол қойған.

Азия инфрақұрылымды инвестициялау банкін 2014 жылдың 24 қазанында 21 мемлекет құрған. Кейін оған тағы 36 мемлекет қосылған. Келісім бойынша, банк Азиядағы энергетика, транспорт және инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салады. Банк биылғы жылдың екінші жартысынан жұмыс істей бастамақ.

АИИБ Дүниежүзілік банк пен Азия инвестициялық банктеріне бәсекелес банк ретінде қарастырылып отыр. Бұл банктерде АҚШ пен Жапонияның үстемдігі басым. Дүниежүзілік банк басшысы Джим Ен бұған дейін АИИБ-ның дамып жатқан әлемдегі "жаңа ірі ойыншы" ретінде құрылуын қолдайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG