Accessibility links

Кишиневтің еуропашыл мэрі сайлауда жеңіске жетті


Кишиневтің қайта сайланған мэрі Дорин Киртоакэ.

Кишиневтің қайта сайланған мэрі Дорин Киртоакэ.

Кишиневтің еуропашыл мэрі Дорин Киртоакэ 28 маусымда өткен сайлаудың екінші кезеңінің нәтижесі бойынша қала басшылығы қызметіне қайта сайланды.

Молдова орталық сайлау комиссиясының 29 маусымда хабарлауынша, сайлауда берілген дауыстардың 100 пайызын санағандағы есеп бойынша Дорин Киртоакэ 53,46 пайыз дауыс алған. Оның бәсекелесі, ресейшіл Социалистік партия үміткері Зинаида Гречаная 46,56 пайыз дауыс жинаған.

29 маусымда, орталық сайлау комиссиясының хабарламасынан сәл ертерек Социалистік партия жетекшісі Игорь Додин дауыс беруде "заң бұзушылықтар болғанын" айтып, партиясы сайлау нәтижелеріне шағымданатынын мәлімдеген.

Сайлауға дауыс беру құқығы бар кишиневтіктердің 49 пайызы қатысқан.

XS
SM
MD
LG