Accessibility links

Адамның ғарышта ұзақ болу рекорды жаңарды


Ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка.

Ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка.

Ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка адамның ғарышта ең ұзақ уақыт болу рекордын жаңартты.

29 маусымда Падалка ресейлік ғарышкер Сергей Крикалев 2005 жылы ғарышта 803 тәулік болып орнатқан рекордын жаңартты.

Қазір Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан Падалка 11 қыркүйекте Жерге оралғанға дейін ғарышта 880 тәулік болмақ.

Падалка Халықаралық ғарыш станциясына наурыздың 27-сінде ұшырылған. Ол ғарышқа осымен бесінші рет ұшып отыр.

XS
SM
MD
LG