Accessibility links

Астанада локомотив зауыты жұмысшылары наразылық білдірді


"Локомотив құрастыру зауыты" кәсіпорны жұмысшылары компания бас кеңсесі алдына жиналды. Астана, 29 маусым 2015 жыл.

"Локомотив құрастыру зауыты" кәсіпорны жұмысшылары компания бас кеңсесі алдына жиналды. Астана, 29 маусым 2015 жыл.

Бүгін Астанада "Локомотив құрастыру зауыты" компаниясының 50-ден астам жұмысшысы түс мезгілінде компанияның бас кеңсесі алдына жиналды. Жұмысшылар компания кәсіподағы төрағасы Людмила Яковлева мамыр айында сайланғанына қарамастан компания басшылығының кәсіподақ төрағасын сайлауды өткізуге мәжбүрлеп жатқанын айтады.

Төртінші цех басшысы Абзал Кенжебаевтың айтуынша, компанияда " жұмысшыларға қысым жасалып, кемсітушілік көріп отыр" және кәсіподақ төрағасы Людмила Яковлева "қуғынға ұшырауда". Кейбір жұмысшылар компания басшылығы кәсіподақ төрағасы қызметіне өзіне "жағымды" адамды қойғысы келеді.

Компанияның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті Әділбек Мәкішевтің сөзінше, кәсіпорындағы 600 адамның арасынан тек тоғыз цехтің біреуінің ғана жұмысшылары наразы екенін айтады.

- Тек бір цех жұмысшылары ғана жазбаша түрде шағымданды. Қазір оны қарап, жауап дайындап жатырмыз. Бұған дейін басшылыққа жазылғандардың барлығы бұрмаланған ақпараттар және барлығына ресми жауап беріледі. "Қазақстан Темір Жолы" өкілдері келіп, түсіндірме жұмысын жүргізді, жауап берілді. Бірақ әлгі цех жауапқа қанағаттанбай отыр, - деді Әділбек Мәкішев.

"Локомотив құрастыру зауыты" - "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны. Кәсіпорын 2009 жылы шілдеде Қазақстандағы мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша ашылған.

XS
SM
MD
LG