Accessibility links

Уимблдон: Зарина Дияс алғашқы ойында ұтты


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Бүгін басталған Уимблдон турнирінің алғашқы ойындарында қазақстандық теннисші Зарина Дияс екінші кезеңге өтті. WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) рейтингісінде 34-орында тұрған Дияс Италия спортшысы, әлемнің 26-ракеткасы Флавия Пеннеттаны ұтты. Пеннетта Диястан үш партияда ұтылды. Бұған дейін екі теннисші бір-бірімен ойнап көрмеген.

Екінші айналымдағы Зарина Диястың қарсыласы қытайлық Чжу Линь мен беларусьтік Александра Сосновичтің ойынында анықталады.

Бүгін Уимблдон турнирі кортына қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева шығады. Ол Жаңа Зеландия теннисшісі Марина Эраковичпен кездеседі.

Уимблдон – теннистен әлемдегі Grand Slam (Үлкен шлем) сериясына кіретін ең ірі төрт турнирдің бірі. Лондонда өтетін жарыстың жүлде қоры 26 миллион 750 мың фунт стерлингті құрайды.

XS
SM
MD
LG